Жаным

Сені тағы еске аламын,
Ойымда жаныңа барамын.
Егер де рұқсат етсең,
Бір құшақтап аламын.
 
Айта алмаған сөзімді
Осы ретте жеткізем.
Мөлдіреген көзіңді
Жақыннан анық көрем.
 
Ризамын тәтті сөзіңе,
Әдемі сенің күлкіңе.
Қызығамын көргенде
Шырайы шықса бетіңе.
 
Айтарым саған, жаным,
Өзіңсің менде барым.
Бұрыннан аңсағаным,
Менің үлкен арманым.