ҚАПА БОЛМА ДҮНИЕГЕ ДОСТЫМ

Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Кешегіні миыңа құйып алып,
Уайым, қайғы, сарсаңға батпа, бос мұң.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Өсек-аян жеткізбес, қусаң қоян,
Шаһар тұрмас, шертсең де жыр мен баян.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Анау асты, мен қалдым, неткен әділ,
Күншілдетіп өткізбе бостан бәрін.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Берген болсаң біреуге тиын-тебен,
Айыптама, айтпа да, төске ұрып.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Кеткен нәрсе кетті ғой, сағым қума,
Қайтып келмес, келсе де асыл етпес.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Қанша адам арман мен қиял кезді,
Қолдағының қадырын білмей безді.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Білермісің уақыттың бағасын а?
Сана берсе, өзің-ақ санарсыңда.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Кеше ғана сайраңдап жүрген едің,
Бүгінде ақ тал кірді самайыңа.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Қайтып келмес дәуренің бастан өткен,
Өкінбегін өкінбе нелер өтті, тар жолдан қара менен хандар да өтті.
---/---
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Ештеңеде тең келмейд, бір ғанибет,
Әмір еткен бір Тәңір сәждесіне.
---/---
О бауырлар, о достар, о жараңдар!
Ата-анаңа қарайлас, не жаман бар.
Туысқанмен қатынас, үзір етпе,
Көршіменен тату тұр, түзу ниетте.
---/---
О бауырлар, о достар, о жараңдар!
Уақыт қымбат, алтыннан асып тыңбақ.
Ашу-қияң — бос сөкпе, намыс төкпе,
Ырду-дырду, бет жыртып, өмір өтпе.
---/---
О бауырлар, о достар, о жараңдар!
Уақыт өткіз, пайдасын асып жеткіз.
Ілім ізде, тапжылмай, ін үңгіле.
Сара жолмен жүретін күнің ертең.
---/---
О бауырлар, о достар, о жараңдар!
Бақыт деген өмірден орын тебу,
Татулық пен бейбіттің нәрін себу.
Өзіңе, өзгеге де өмір сыйлап, тап-тамаша өмірден жеміс жинау.

