Күндерім танытқанмен қырыс қабақ.
Қапыда он жетің тұр күміс қанат.
Бұл айды тізгін тарту дедім өзім,
Қаңғыған тағдырымды дұрыстап ап.
Алайда жаңғырыққа құлақ аспай,
Бәкене қалпым да осы мық ағаштай.
Қос ұрты жарнамаға толып кеткен
Жалған да өз есінен тұр адаспай...
Көкейім алдағыға дүрбі салған.
Пенденің ертеңі емес күнгісі арман.
Құптаннан таңға дейін қалғытып ап,
Алдайды тіршілікті күн қызарған...